«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Төлебилік еріктілер ардагерлер тұратын үйлердің ауласын тазартты

0
228

Болашақ ұрпақтың қамы үшін тер төккен қарияның жүрегіне жылулық сыйлап, ауыр еңбекпен көз ашқан атамыздың балалық шағының қалай өткенін студенттер өз аузынан естіді.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Төлебилік еріктілер ардагерлер тұратын үйлердің ауласын тазартты

Төлебилік еріктілер қариялар мен ардагерлердің үй аулаларын тазартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің ерікті жастары қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізіп, қарияларға құрмет жұмыстарын жалғастырды.


Бұл жолы ерікті жастар Көксәйек елді мекенінің тұрғыны балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына тап келген «Тыл еңбеккері» Нұрсейіт Жолшыбеков ақсақалдың ауласында көктемгі дала жұмыстарына көмектесіп қайтты.


Болашақ ұрпақтың қамы үшін тер төккен қарияның жүрегіне жылулық сыйлап, ауыр еңбекпен көз ашқан атамыздың балалық шағының қалай өткенін студенттер өз аузынан естіді.