Кентаулықтар марафон эстафетасын Созақ ауданына табыстады

0
1 198

Марафонның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету


Кентаулықтар марафон эстафетасын Созақ ауданына табыстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен байланысты орнату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – честный путь» марафон эстафестасы Кентау қаласында қорытындыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шара қала жастарының арнайы ұйымдастырған автошеруімен басталды. Қорытынды жиын Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев марафонның мақсатымен көпшілікті кең көлемде таныстырып өтті.

Яғни, марафонның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екендігін атап өтті. Қала әкімінің орынбасары Самат Расул марафон аясында көптеген іс-шаралардың өткенін айтып, көпшілікті жемқорлықтан бойын аулақ ұстауға шақырды.

«Адал жол» өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына белсенді қатысқан сала мамандары алғыс хаттармен марапатталды. "Адал жол" марафон эстафетасын Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расулдан Созақ ауданынан келген делегация басшысы, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков салтанатты түрде қабылдап алды. Марафон аясында Кентау қаласында 80-нен аса іс-шаралар түрлі форматта ұйымдастырылды. Олардың ішінде семинар кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар бар.

Айта кетейік, «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Оған қала, аудандардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мақсатты топтардың белсенділігімен өтуде. Шардара ауданынан бастау алған марафон, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Төле би, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс және Кентау қалаларында өтті. Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында облыс орталығы Түркістан қаласында қорытындыланбақ.