​ӘЙЕЛДІҢ кейбір КЕМШІЛІГІ ақылды ЕРКЕКТІ өзіне ТАРТАДЫ

0
1 780

Ақылды ер азамат кішігірім ұқыпсыздыққа жол беретін әйелді бағалай біледі.


​ӘЙЕЛДІҢ кейбір КЕМШІЛІГІ ақылды ЕРКЕКТІ өзіне ТАРТАДЫ

Ақылды ер азамат жұбайынан тек үй шаруасын атқаратын адамды емес, жан дүниесін түсінетін жақын адамды көреді. Сол себепті кемшілік саналатын кейбір қасиеттер ақылды ер азаматқа артықшылық секілді көрінеді.


Ұқыпсыздық

Ақылды ер азамат кішігірім ұқыпсыздыққа жол беретін әйелді бағалайды. Әрине, бұл әйел салақ, ұқыпсыз болу керек деген сөз емес. Бірақ, ол жолдасына отырған жерің, киімдерің, тағы да басқа заттарың шашылып жатыр деп сөкпейді, өзі де жылтыратып сүртіп, жинап қоймайды. Мұндай әйелдер әр адамның тазалыққа деген өз ұғымы барын түсінеді. Сондықтан ол үшін жолдасын мазаламайды.


Толықтық

Ақылды ер азамат үшін әйелдің сырт келбеті бірінші орында тұрмайды. Ондай жандар сұлулылқты өзгеше көреді. Мысалы, мінсіз мүсінді жандар арық болуы керек деген жалпы қалыптасқан түсінікпен келіспейді. Керісінше әйелдің толық, мүсіні айқындалып тұрғаны дұрыс деп санайды.


Ескі сәнмен жүру

Ақылды ер азамат сән қуаламайды, жалпы стандарттарға сай болуға тырыспайды. Сондықтан да ескі сәнмен киінген жанға құрметпен қарайды. Оның ішкі жан дүниесінің бай болуына мән береді.


Жалқаулық

Ақылды еркек әйелдің ештеңе істемей ерініп, жалқауланғанына түсіністікпен қарайды. Жұбайының тек шаруасы ғана емес, өзге де әрекеттеріне қызығушылықпен қарайды. Оның үстіне әр адамның шаршайтын, дем алғысы келетін уақыт болатынын түсінеді.


Ер азаматтың ісіне қызғу

Ақылды ер азамат кино көріп жылап алатын, мейрімділік жайлы кітап оқитын әйелді іздемейді. Талғамы ер азаматтарға сай келетін әйелді құптайды. Ер мінезді батыл қыздар өзге қыз-келіншектерге қарағанда ерекшеленіп тұрады.


Отбасын құрып, бала сүйгісі келмейді

Мұндай қағида ұстанатын қыз-келіншектерді айналасы сөз етіп, кінәлап жатады. Бірақ ақылды азамат мұны қалыпты қабылдайды. Ол таңдаған жарын жеке тұлға ретінде бағалай алады.

Отбасын құрғысы келмейтін қыз-келіншектер өмірді қызықты мүмкіндіктер жиынтығы ретінде қарастырады. Өз тәуелсіздігін бағалай білетін қыз-келіншектер ақылды еркектің қызығушылығын тудырады.


Өзіне қарамау

Әдетте өзіне қарамайтын әйелге ер азаматтар жаман көзқараста болады. Ал ақылды еркек әйелдің дүниетанымына, көзқарасына қарайды. Сыртқы келбетке мән бермейді. Өзіне қарамайтын әйелді шынайы етіп көреді. Әдемі бояудың артында бос кеуде болуы мүмкін.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Баланы ұрмау үшін: ашуланғанда жата қалыңыз

Мына ЕРКЕКТЕР мықты ОТБАСЫН ҚҰРА АЛАДЫ