"Ювентус" бір жылға Еуропа чемпиондары кубогынан шеттетілді

0
920

Келіссөздер тек УЕФА-ның өзі ашқан іске қатысты болды.


ERNUR.KZ. "Ювентусқа" бір жылға 2023/24 жылғы Конференция лигасында ойнауға тыйым салынды. Бұған қоса клуб 20 миллион еуро айыппұл арқалады, деп жазады zakon.kz.

УЕФА айыппұлдың 20 миллионның 10 миллионы шартты екенін, бұл сома 2023, 2024 және 2025 жылдарға арналған есептер УЕФА клубтарын лицензиялау және қаржылық тұрақтылық ережелерінде анықталған талаптарға сай келмеген жағдайда өндірілетінін нақтылады.
Бұған дейін "Юве" мен УЕФА команданы Конференция лигасынан шығаруға келіскені мәлім болған еді. УЕФА өз кезегінде лицензиялау және қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзу жөніндегі істі жабады. Ресми түрде бұл туриндіктер тарапынан кінәні мойындау жөнінде мәміле нұсқасы болады.

Келіссөздер тек УЕФА-ның өзі ашқан іске қатысты болды. Бұл Италия соттарында қаралып жатқан айыптарға қолданылмайды.