Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны ойсырата жеңді

0
466

15:1 есебімен жеңіске жетті.


Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны ойсырата жеңді

ERNUR.KZ. Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Американың Лейк-Плэсиде қаласында Универсиада-2023 турнирі аясындағы үшінші матчын өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.

Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашты, артынша британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Содан кейін Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты – Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев мергендік танытты.

Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізіп, тас-талқанын шығарды. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).

Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті еселеді – 14:1. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея (5:1) мен Венгрия (9:1) құрамаларын тас-талқан еткен болатын. Сондай-ақ Қазақстан өз тобында Словакия және АҚШ құрамаларымен ойнайды.