​Түркістандық спортшылар Дубайда топ жарды

0
1 113

Чемпионатта 4 алтын, 1 күміс медаль қанжығаға байланды.


​Түркістандық спортшылар Дубайда топ жарды

2018 жылдың 18 – 24 қыркүйегінде Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында жатып сығымданудан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дүбірлі додада құрлықтың ең мықты спортшылары бас жүлде үшін бақ сынады. Онда Қазақстан құрама командасының атынан Түркістан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысты. Жарыста отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыздың нәтижелері көңіл қуантарлық.

Ересектер арасында 74 келі салмақта Андрей Ким 165 ұпай жинап, 1-ші орынды иеленді. Екінші орыннан гонгконгтық Лау Киу-Ван 150 ұпаймен көрінді. Ал, кувейттік Бадар Мұхаммет Ал-Ожайри 142 ұпаймен Азия чемпионатының қола медаліне ие болды.

Жасөспірімдер арасында Сергей Левчук (74 келі) – 1- орын, Фұрқат Шамұратов (53 келі) 1 – орын, Алена Гладкова (57 келі) – 1 – орын.

Жастар арасында 53 келі салмақта Юсупдан Турдиметов – 2 – орын.

Жалпы 4 алтын, 1 күміс медаліне ие болды.