Төрт бірдей кениялық спортшы Қазақстан азаматтығын алды

0
715

Әу баста Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы азаматтық ауыстыруға рұқсат бермеген.


Төрт бірдей кениялық спортшы Қазақстан азаматтығын алды

ERNUR.KZ. Төрт бірдей кениялық жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды, деп жазады vesti.kz.

"Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Шадрак Коеч және Кэролайн Чепкоеч Қазақстан азаматтығын алды. Енді олар халықаралық турнирлерде осы елдің намысын қорғайды.

Әу баста Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы азаматтық ауыстыруға рұқсат бермеген еді. Бірақ енді төртеуі де әлемдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы сатыда тұрған елдің намысын қорғай алады", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Дейзи Джепкемей жастар арасында әлем чемпионатында 3000 метрге алтыын жүлде жеңіп алған. Қалған үш жеңіл атлет те түрлі халықаралық деңгейлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінген.