Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өткен турнирде ресейлік спортшыны жеңді

0
927

Сора Рахмонова ресейлік Валерия Карыгинамен кездесті.


Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өткен турнирде ресейлік спортшыны жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өткен Naiza 51 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Сора Рахмонова ресейлік Валерия Карыгинамен кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, екінші раундта аяқталды, сол кезде Рахмонова қарсыласына үлкен соққылар жасады, кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Карыгина осы жеңілісіне дейін қатарынан үш рет жеңіске жеткен. Ал Рахмонова осымен төрінші рет жеңіске жетіп, бұған дейін бір рет жеңілген еді.

Cора Рахмонова жекпе-жектен кейін бірден анасына қоңырау шалды.