​Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

0
1 210

Ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 2:1 есебімен басым болды.


​Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

ERNUR.KZ. Шағын футболдан Біріккен Араб Әмірлектерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты. Отандастарымыз 1/8 финалда Мексика елінің футболшыларын ұтты, деп жазады vesti.kz.

Ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 2:1 есебімен басым болды. Александр Кислицын мен қақпашы Александр Рушинас соққан голдар құрамаға жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, БАӘ құрамасы 2:1 есебімен ұтқан болатын.