"Сені мақтан тұтам, бауырым!": "Реал" футболшысы қазақстандықты әлемдегі ең мықты қақпашы атағымен құттықтады

0
1 432

Олар бала кезден дос.


ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" АФК голкипері Futsal Planet Awards-2019 тұжырымы бойынша төртінші рет әлемнің ең мықты қақпашысы атанды. Футболшыны кезекті жеңісімен мадридтік "Реал" қорғаушысы Марсело құттықтады, деп жазады Vesti.kz.

Игита мен Марсело балалық шақтан дос, олар бір футбол мектебінде ойнап, қазірге дейін жақсы қатынаста.

"Сен мол жақсылыққа лайықсың! Сені мақтан тұтам, бауырым! Еңбек, ісіне адалдық пен бойсұну. Құттықтаймын❤️", - деп жазыпты Марсело Игитаның Instagram желісінде жариялаған постына.