Ресейде хоккейші Николай Шаровты атып кетті

0
1 350

Қылмыскердің айтуынша, хоккейші өзін өте әдепсіз ұстаған, тіпті бұл қылығы үшін кешірім де сұрамаған.


Ресейде хоккейші Николай Шаровты атып кетті

ERNUR.KZ. Челябі облысында «Колос» хоккей клубының ойыншысы Николай Шаровты атып кетті. Жантүршігерлік оқиға 2 мамырда Бреды ауылындағы «Crossroads» барында болған, деп жазады Zakon.kz.

REN TV арнасының хабарлауынша, барда жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Салдарынан төбелес шығарғандардың бірі үйіне барып, аңшы мылтығын әкеліп, одан хоккейшіге оқ атқан. Спортшы сол жерде көз жұмды.

Күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындады. Қылмыскердің айтуынша, хоккейші өзін өте әдепсіз ұстаған, тіпті бұл қылығы үшін кешірім де сұрамаған.