«Ордабасы» командасы жаңа ойыншылармен толықты

0
1 484

Аяқдоп шеберлерінің барлығы Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен.


«Ордабасы» командасы жаңа ойыншылармен толықты

«Ордабасы» футбол командасы жаңа ойыншылармен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ордабасы» командасының құрамына еліміздегі белді клубтарда өнер көрсеткен ойыншылар шақырылды. Атап айтқанда қақпашы Дмитрий Непогодов (17 ақпан, 1988 ж. 30 жаста) шабуылшы Алексей Щеткин (21 мамыр, 1991 ж. 27 жаста) және қорғаушы Марат Быстровпен (19 шілде,1992 ж. 26 жаста) бір жылдық келісімшарт жасалды.

Қазіргі таңа «Ордабасы» ойыншылары қатарға қосылып, БИІК стадионында жан-жақты дайындықтарын жалғастыруда. Оқу-жаттығу жиыны 20 қаңтарға дейін созылады.

фото: fcordabasy.kz