Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне жетті

0
725

Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионда А тобында сынға түсіп жатыр.


Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне жетті

ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында қазақстандықтар екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионда А тобында сынға түсіп жатыр.

Қарсыластары - Норвегия, Дания, Словакия, Франция және Жапония.

Қазірге дейін төрт ойын өткізді. Алғашқы екі кездесуде Норвегиядан 2:9, Франциядан 2:4 есебімен жеңілді.

Одан кейін Данияны 4:2 есебімен сүріндірсе, үшінші кездесуде Жапониядан 4:3 есебімен басым түсті.

Енді Қазақстан хоккейшілері 17 сәуірде Словакиямен кездеседі.

Еліміздің жасөспірімдер құрамасына Сергей Старыгин бапкерлік жасайды.