Хоккей: «Барыс» «Адмирал» командасынан басым түсті

0
918

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті.


Хоккей: «Барыс» «Адмирал» командасынан басым түсті

ERNUR.KZ. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді, деп жазады inform.kz.

Кездесу барысында ресейлік клуб сапынан Валерий Орехов 6-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшісі Алекс Грант 12, 22, 23, 38-минуттарда қатарынан төрт шайба соқты. Елордалық тағы бір хоккейші Егор Петухов 44-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 16-сы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Енді елордалық клуб аталған қарсыласымен 9 қаңтарда тағы бір мәрте кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Амур» командасынан қатарынан екі мәрте жеңілді.