Қазақстандық Полина Омельчук Канвондағы Олимпиадада қола жүлде иеленді

0
1 350

Бұл Қазақстан жастар құрамасы үшін Олимпиада ашылғаннан бергі екінші медаль.


Қазақстандық Полина Омельчук Канвондағы Олимпиадада қола жүлде иеленді

ERNUR.KZ. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы - 16 жастағы Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта қола жүлдені жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық желаяқ өзіне туған күніне сыйлық жасады десе болады. Себебі Полина ертең 17 жасқа толады.
Жер шарындағы ең мықты жас шорт-трекшілермен табанды тартыста Полина жеңіс тұғырына көтеріле алды.
Ол екі қытайлық спортшыдан аздап есе жіберіп қойды.
1000 метрге жарыстың финалында қытайлық Ли Жинзи алтынды жеңіп алды - 1:40.803. Оның отандасы Янг Жингру 1:40.996 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанса, Полина Омельчук 1:41:600 нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші медаль – бір күн бұрын шаңғышы Илья Мизерных алтынға алды.