Қазақстандық қол допшылар озып шықты

0
1 197

Жарыста Қазақстан құрама командасымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстан қатысқан болатын.


Қазақстандық қол допшылар озып шықты

ERNUR.KZ. 22 - 27 маусым күні Алматыда қол добынан 2000 жыл туылған спортшылар арасында "Челенж Трофи" халықаралық турнирі өтті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыста Қазақстан құрама командасымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстан қатысқан болатын. Тартысты өткен ойындарда біздің қол допшыларға тең келетін қарсылас табылмады. Осылайша қазақстандықтар келесі айналымға жолдама алып, әлемнің мықты командаларымен кездесетін болды.

Осы орайда айта кетсек, Қазақстан құрама командасының сапында Шымкент қалалық Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің 11 спортшысы өнер көрсетіп, жеңіске үлес қосты.