Исхар Құрбаев араға 7 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

0
1 427

Ол финалда әзербайжандық Фарид Садихлиді 5:1 есебімен жеңді.


Исхар Құрбаев араға 7 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. 21 жастағы Исхар Құрбаев 55 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп жазады zakon.kz.

Амманда (Иордания) өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионатында Исхар Құрбаев (55 келі) топ жарды.

Ол финалда әзербайжандық Фарид Садихлиді 5:1 есебімен жеңді.

"Бұл жеңісті мен ғана емес, бүкіл қазақ елі күтті. Өте қуаныштымын. Араға 7 жыл салып, міне, осы алтын медальді алып келдім. Қазақ елін қуантқаныма Аллаға мың да бір шүкір! Әлемдік аренада Әнұранды шырқатқаныма қуаныштымын!", - деді Исхар Құрбаев.