Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

0
973

Таниева доп жаттығуынан өткен финалда 33.400 ұпаймен алтын жүлдегер атанды.


Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Испанияның Марбелье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева алтын медаль алды, деп жазады baq.kz.

Таниева доп жаттығуынан өткен финалда 33.400 ұпаймен алтын жүлдегер атанды.

Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетелік, бұл Эльжана Таниева жаңа маусымдағы халықаралық сында жеңіп алған алғашқы алтын медалі.