Дохадағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы жүзуден финалсыз қалды

0
322

Қазақстандықтар қашықтықты 3 минут 54,45 секундта жүзіп өтті.


Дохадағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы жүзуден финалсыз қалды

ERNUR.KZ. Қатар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған доданың финалына шыға алмады, деп жазады inform.kz.

Бүгін жүзуден Әділбек Мусин, Ксения Игнатова, Арсен Қожахметов пен Софья Сподаренко бастаған қазақстандық команда 4х100 метрге аралас эстафетада бақ сынап, бастапқы кезеңде 17-орын алды.

Қазақстандықтар қашықтықты 3 минут 54,45 секундта жүзіп өтті. Бірінші орынды ұлыбританиялықтар еншіледі (3:45.50).

Өкінішке қарай, құрама Дохадағы әлем чемпионатының финалына жолдама алған жоқ.