Бүгін "Барыс" Дицсіз ҚХЛ плей-офф кезеңіндегі орын үшін матч өткізеді

0
535

Астаналық команда сырт айдында Екатеринбургтің "Автомобилистімен" кездеседі.


Бүгін

ERNUR.KZ. Бүгін, 21 желтоқсанда "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы кезекті матчін өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

Астаналық команда сырт айдында Екатеринбургтің "Автомобилистімен" кездеседі. Ойынның басталуы 20:00. Матчті Qazsport тікелей көрсетеді.

Қазақстандық клуб 38 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші, ал бір балл артық жинаған ресейлік команда жетінші орында.

Екі команда қыркүйекте Қазақстан астанасында кездесу өткізген: "Барыс" 5:4 есебімен ұтқан болатын. Шайбаның бірін жаңа командаға ауысып үлгерген Даррен Диц салған еді.