Бибісара Асаубаева тағы бір турнирде топ жарды

0
610

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.


Бибісара Асаубаева тағы бір турнирде топ жарды

ERNUR.KZ. Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, деп жазады inbusiness.kz.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Бибісара Асаубаева – 10,5 ұпай (300 доллар)

Теодора Иняц – 8,5 ұпай (250 доллар)
Савита Шри Баскар – 8,5 ұпай (200 доллар)
Вантика Агравал – 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен – 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.