Баскетболдан Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы жеңді

0
2 516

Бахрейнде баскетболдан Азия кубогына іріктеу өтіп жатыр.


Баскетболдан Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы жеңді, деп жазады 24.kz.

Дәл қазір Бахрейнде баскетболдан Азия кубогына іріктеу өтіп жатыр. Оның аясында ұлттық құрама Шри-Ланка баскетболшыларымен жолығып, 107:37 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, Эмиль Райкович баптайтын жігіттер бұл командамен екінші рет жолығып, екінші рет ұтып тұр. Бірер күн бұрынғы матчта 111:52 есебі тіркелген.

Соның арқасында Қазақстан «Ф» тобының бірінші сатысына көтерілді және Азия Кубогының жолдамасына бір табан жақындай түсті. Енді командалар іріктеу кезеңі аясында соңғы, яғни шешуші матчтарын өткізеді.