"Барыста" 11 жыл ойнаған Роман Савченко клубтан кетті

0
500

Хоккейші елордалық клубта 11 маусым ойнаған.


ERNUR.KZ. "Барыс" қорғаушысы Роман Савченко клубтан кетті, деп жазады vesti.kz.

Хоккейші елордалық клубта 11 маусым ойнаған. Сондай-ақ, спорттық карьерасында "Сибирь" мен "Локомотив" командаларының намысын қорғады. Қазақстан құрамасының сапында бес жыл ішінде 29 матч өткізді.

Өткен маусымда 33 жастағы қорғаушы мұз айдынына 31 матчта шықты. Жалпы "Барыс" сапында Савченко 525 ойында 142 (51+91) ұпай жинады.