"Барыс" ресейлік қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

0
542

"Барыс" хоккей клубы ресейлік қорғаушы Владислав Семинмен келісімшарт жасалғанын ресми түрде жариялады.


ERNUR.KZ. Екіжақты келісім бір маусымда (2023 жылғы 30 сәуірге дейін) күшінде болады, деп жазады inbusiness.kz.

Хоккейші осы жазда "Барыс" құрамын толықтырып, шолу келісімшартына қол қойып, маусым алдындағы екі турнирге қатысты.