"Барыс" өз алаңында "Амурды" жеңді

0
529

​Никита Михайлис маусымдағы алғашқы голын соқты.


ERNUR.KZ. Өз алаңындағы үшінші кездесуде "Барыс" "Амурдан" басым түсті, деп жазады sputnik.kz.

Алаң иелерінің жаттықтырушылар штабы өткен ойыннан кейін тек бір ғана құрамға өзгеріс енгізді. Қорғаныс шебіне Михаил Григорьевпен бірге Самат Данияр шықты.
Есеп сегізінші минутта ашылды. Никита Михайлис маусымдағы алғашқы голын соқты. Павел Махановский таблодағы сандарды теңестірді. Бір қызығы, барлық кезеңде қонақтар нысанаға үш рет қана соққы бағыттады.
Екінші жиырма минут астаналықтардың басымдығымен өтті. "Барыс" жылдамдығын арттырып, 72 секундта қарсыластарын үш рет қапы қалдырды. Есеп - 5:1.