"Барыс" ҚХЛ плей-офф кезеңіне тікелей бәсекелесін ұтты

0
623

Екатеринбургте өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.


ERNUR.KZ. Астаналық "Барыс" ҚХЛ матчінде "Автомобилистті" ұтты, деп жазады Vesti.kz.

Екатеринбургте өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

34-минутта Роман Старченко есеп ашты, ол "Барыс" капитаны ретінде бірінші ойынын өткізді.

Ал кездесу аяқталарға 42-секунд қалғанда Линден Вей бос қақпаға гол салды.