"Барыс" капитаны Жұлдыздар матчіне қатысады

0
420

Жұлдыздар матчі 10, 11 желтоқсан күндері Челябинскіде өтеді.


ERNUR.KZ. Құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздар матчіне қатысатын құрамды жариялады, деп жазады vesti.kz.

Жұлдыздар матчінде "Барыс" капитаны Линден Вей қатысатын болды. Вей өткен маусымда өткізген 23 кездесуде 17 (11+6) ұпай еншілеген. Сонымен қатар, елордалық ойыншы ҚХЛ-дың үздік сұрмергендерінің қатарына жатады.

Айта кетейік, Лиенден Вей спорттық карьерасында Жұлдыздар матчіне екінші рет қатысқалы отыр. Ол осыған дейін 2018 жылы "Барыстың" атынан шыққан еді.

Жұлдыздар матчі 10, 11 желтоқсан күндері Челябинскіде өтеді.