Алматы спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионатында көш бастады

0
556

Ерлер арасында Артем Девятериков жеңіске жетті.


Алматы спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионатында көш бастады

ERNUR.KZ. Бурабайда табиғи рельефте құзға өрмелеуден Қазақстан біріншілігі аяқталды деп жазады olympic.kz.

Ерлер арасында Артем Девятериков жеңіске жетті. Екінші орында Алексей Молчанов, үшінші сатыда Иосиф Никулин.

Әйелдер арасында Екатерина Круть топ жарса, Зарина Ағылманова мен Оксана Манакова тиісінше күміс және қола медальдарды өзара бөлісті.

Командалық есепте Алматы қаласы көш бастады. Екінші сатыда Қарағанды облысы, үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.