​«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: Шымкенттегі дендросаябаққа 50-ге жуық ағаш егілді

0
277

Оған 40-қа жуық жас қатысты.


​«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: Шымкенттегі дендросаябаққа 50-ге жуық ағаш егілді

ERNUR.KZ. Бүгін – халықаралық Жер күні. Бұл айтулы дата 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітіліп, 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіліп жүр.

Осыған орай Шымкентте «Халықаралық жер күніне» ASA жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті. Оған 40-қа жуық жас қатысты.

Бұл экологиялық мереке қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын жасылдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған.
Семинар да осы бағытта өтті. Онда қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алудың жолдары қаралып, ой бөлісті.
Негізі Халықаралық жер күні барлық елдердің жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ормандар мен ағаштармен байланысты іс-шараларды, мысалы, ағаш отырғызу науқандарын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қолдау көрсету мақсатында өткізіліп келеді.
Сондықтан оқыту семинардың да осы аптада басталған «Жасыл аймақ» апталығына сәйкес келіп, оған қатысушылар дендробаққа барып, 50-ге жуық ағаш көшеттерін екті.
ASA жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранованың айтуы бойынша Шымкентте аталмыш семинардың бірінші күні өтуде. Кейін басқа қалаларда да жалғасын таппақ.

Ақпарат үшін, 22 сәуір - Халықаралық Жер күні (Earth Day).

Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілген.

Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді.

Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.

Қарарда сондай-ақ «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.