Шымкенттің Жасыл белдеуіне 260 мың түп ағашы егілді

0
2 239

Қала әкімі дендросаябақты туристер мен қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналдыру қажет екенін айтты.


Шымкенттің Жасыл белдеуіне 260 мың түп ағашы егілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сенбі күні қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты бірқатар нысандардың қызметімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең әуелі қала басшысы А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көшеттік тұқымбақтың жұмысымен танысты.

Жалпы тұқымбақта 8269 түп көшет өсірілуде. Атап айтсақ, мұнда 1537 түп бозарша, 1016 жәй арша, 891 түп емен ағашы мен 223 дана сабын ағашы және 81 дана шынар ағашы бар.Ал жылыжайда 19 түрлі тұқым себіліп, жасыл қаламша тәсілімен 42 түрлі ағаш-бұта дайындалуда.

Қала әкімі алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығын көбейтіп, дендросаябақты туристер мен қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналдыру қажет екенін айтты.

Мұрат Әйтенов аталған саябақтағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан велосипед пен жүгіру жолдарының жұмысын аралап көрді.

Мұндағы жүгіру жолының ұзындығы 6457 м, ені 3 м. Веложолға арнайы қозғалыс жолақтары жүргізілген. Ұзындығы 12,5 км жолда жерасты кабельдері ауыстырылып, биіктігі 6 метрлік арақашықтығы 20 метрді құрайтын 670 дана LED бағаналары қойылады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, шаһар басшысы аумағы 976 гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Мұнда жалпы саны 262 мың түп ағаш көшеттері егілген.

Әкім жасыл аймақты дамыту үшін ең алдымен Шымкент қаласындағы ағаштарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, осының нәтижесінде жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыру мәселесін қарастыруды тапсырды.