ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МАРАПАТЫН АЛДЫ

0
2 838

Биыл елімізде педагогтардың кәсіби мерекесі нақты 5 қазан күні болып бекітілді.


ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МАРАПАТЫН АЛДЫ

Осы айтулы мерекеге орай шымкенттік ұстаз Марфуға Күнтаева ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Марфуға Әбутәліпқызы Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында ұстаздық етеді. Өз мамандығының білікті иесі қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қаншама шәкіртті тәрбиелеп келеді. Оқушылары халықаралық, республикалық Олимпиадаларда талай рет жеңіс тұғырынан көрінді.
Марфуға Күнтаева — жаңаша ойлайтын, оқушыға сенімдік сыйлай алатын, түсінігі мол, білімді, нағыз өз кәсібінің майталманы. Заман талабына ілескен ұстаз үнемі білімін жетілдіріп отырады. Сабақ өту барысында инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып, әр баланың ой-өрісін дамытуға күш жұмсайды.
Мерекеде айтулы марапатқа ие болған мұғалім авторлық бағдарламалардың иесі атанып, республикалық байқауларда топ жарып жүр.

Марфуға Әбутәліпқызы бұған дейін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленген.