Шымкенттік мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

0
495

Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.


Шымкенттік мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталатынын ескертеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты шетелдік автокөлікті заңдастыру үшін қаламыздағы МХҚО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады.
Олар азаматтарды дүйсенбі жұма аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру 20:30-ға дейін), сенбі күні 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру 19:30-ға дейін) қабылдайды. Бұл ретте жұмыс кестесі тек автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады.