Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды

0
1 286

Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өтті.


Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды

иллюстрациялық фото

Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өтті.

Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды.

Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал, жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.

«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал, жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.