Шымкентте жазасын өтеп жатқан педофил көз жұмды

0
492

Сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде.


Шымкентте жазасын өтеп жатқан педофил көз жұмды

Шымкентте ИЧ-167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған ер кісі көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігінде көзделген аса ауыр қылмысты (кәмелетке толмаған адамды зорлау) жасағаны үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ИЧ-167/2 қатаң режимдегі мекемесінде жазасын өтеп жатқан.

"Жазасын өтеушінің 31 қаңтарда құлап кетіп, жарақат алғаны анықталды. Дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылып, олар сотталушыны Шымкенттегі қалалық ауруханаға жатқызды. Ауруханаға жатқызу кезінде шұғыл хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданған. Қолданылған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. 1 ақпанда жазасын өтеуші қайтыс болды", - Шымкент қаласы жəне Түркістан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша түзеу мекемесіне тергеу-жедел тобы, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері келді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.