Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді

0
860

Тазалық жұмыстарын атқаруға барлығы 150-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.


Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Бүгін Шымкент қаласында жалпықалалық ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл күні 2 мыңнан астам көшелер, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары мен 2171 көпқабатты үй аулалар санитарлық тазалықтан өтті.
Тазалық жұмыстарын атқаруға барлығы 150-ге жуық арнайы техника, коммуналдық мекеме қызметшілері мен әскери қызметкерлер, сервистік мекемелер жалпы саны 200-ге тарта мекеме қатысты.
Ал дезинфекцияға 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы пайдаланылды.