Шымкентте вирустың "дельта" штаммы табылды - Шыңғыс Мұқан

0
1 033

Қала әкімінің бірінші орынбасары ​әлеуметтік желіде жария етті. ​


Шымкентте вирустың

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте үнді штаммының табылғаны туралы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үнді штамының табылғаны туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіде жариялады.

Шаһар басшысының бірінші орынбасары вирустың үнділік штаммы аса қауіпті екенін жазып, ескерткен.



"Шымкент те қызыл аймаққа енді. Ковид жұқтырған 143 адам тіркелді. Жаңа штаммның түрі жаман, тез тарайды, жұққан адамның ауруы тез асқынып кетеді. Ата-анаңыз бен балаларыңызды сақтап жүріңіз. Балалар арасынан да көп шығып жатыр. Бүгін туғанына бір ай толмаған сәбиден табылды" деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Шымкентте өткен тәулікте 143 адамнан коронавирус анықталды.