Шымкентте мектеп түлектерін аттестаттау 28 мамырда басталады

0
1 807

Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.


Шымкентте мектеп түлектерін аттестаттау 28 мамырда басталады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылындағы мектеп түлектерінің қашан аттестация тапсыратыны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл 9/10- сынып оқушылары үшін:
28 мамыр – оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс;
3 маусым – математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
7 маусым – өзге тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
11/12- сынып оқушылары үшін:
1 маусым - оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс;
4 маусым – алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
10 маусым – өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.