Шымкентте медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті

0
799

Кездесу барысында міндеттерді сапалы және кешенді іске асырудың негізгі тәсілдері талқыланды.


Шымкентте медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы медиацияның дамуы, яғни даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды белгілерінің бірі.
Кездесу барысында осы тұрғыда қойылған міндеттерді сапалы және кешенді іске асырудың негізгі тәсілдері талқыланып, алдағы III- тоқсанға жоспарланған Этномедиация курсы бойынша пікірлер айтылды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Қарабастау тұрғын алабының ауыл билері және жергілікті тұрғындардың катысуымен кездесу өткізілді. Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұраны етіп ұстанған қарабастаулық этнос өкілдері жастарын үнемі тәрбиелеуде екендігін айтып отыр. Кездесуде жастар арасында отансүйгіштік, тәрбие, әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру сынды мәселелер кеңінен сөз болды.

Сондай-ақ, Шымкентте қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатары көбеюде. Жақында этнос өкілдерінің арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» атты байқауда қазақшаға судай бірқатар өзге ұлттың жастары таңдай қақтырды. Әсіресе, Ш.Құдайбердіұлының шығармасын жатқа оқыған N42 орта мектептің 8 сынып оқушылары Дильмуратова Маржона, Ахматкулов Асылбек пен N23 мектептің 9 сынып оқушысы Галимов Шамиль қазақша мүдірмей сөйлеп, өз ойларын бүкпесіз жеткізді. «Тілге құрмет – елге құрмет» - демекші тіліміздің мерейін көтеру, оны білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызымыз. Осыған сәйкес, еліміздегі этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек. Сондай-ақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді.