Шымкентте қылмыс өткен жылға қарағанда едәуір азайған

0
2 499

Шымкент қаласы прокуратурасының алқа мәжілісі өтті.


Шымкентте қылмыс өткен жылға қарағанда едәуір азайған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы прокуратурасының 2019 жылдың 6 айындағы есепке сүйенсек, Шымкенттегі қылмыс саны өткен жылға қарағанда едәуір азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының алқа мәжілісінде белгілі болды.Прокуратураның статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Шымкентте 2019 жылдың алғашқы 6 айында жалпы 7880 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 1240 қылмысқа азайған.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесі қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша заңбұзушылықтарды қудалау тиісті органдармен жылдан-жылға әлі жалғасып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, қалалық полиция органдарымен есептен жасырылған 46 қылмыстық құқық бұзушылықты және өздерінің ведомстволық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында дерекқорға қоғамдық орында, бұрын сотты болғандармен, мас хәлде жасалған қылмыстарды енгізбегені және ауыр қылмыстарды жеңіл санаттағы қылмыстарға қайта дәрежелеу деректері анықталған. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер мен заңбұзушылықтар бойынша қала прокуратурасы мен Полиция департаментіне прокурорлық ықпал ету актісі енгізілген және қазіргі таңда қаралу сатысында.

Айта кетейік, мәжіліс қорытындысы бойынша құқық қорғау органдармен заңсыздықты жоюға бағытталған бірқатар іс-шаралар түзілді.