​Шымкентте құс фабрикасында өрт шықты

0
627

Өрт сағат 13:33 өрт оқшауланып, сағат 15:18-де толығымен өшірілді.


​Шымкентте құс фабрикасында өрт шықты

Шымкент қаласы Абай ауданы, Қызылжар тұрғын алабындағы «Шымкентқұс» ЖШС аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері қалын түтінге оранған дайын өнімдерді, картон қораптар мен лотоктарды сақтау бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқанын анықтады. Өрттің ауданы 288 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 13:33 өрт оқшауланып, сағат 15:18-де толығымен өшірілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда.

Оқиға орнына №2 БИС шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 12 техникасы мен 65 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдарынан 3 су тасымалдау техникасы жұмылдырылды.