Шымкентте коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

0
831

Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған.


Шымкентте коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылып, барлығы 1 мың литрге жуық дайын сұйықтық пайдаланылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһарда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.

Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мамандар бір апта көлемінде 285 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелерін, қоқыс алаңшаларын, 750 мың кіреберіс және 145 көшені індетке қарсы дәріледі.


Ал, аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын сауда орындары мен тамақтану орындарында аурудың алдын алу іс шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.
Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшін арнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сай жұмыс істеуде.