Шымкентте коллектор апатынан баспанасы қираған қарияға үй салынады

0
742

Апат болған аумақта авариялық жағдайды жою мақсатында шұғыл түрде кешенді жұмыстар ұйымдастырылды.


Шымкентте коллектор апатынан баспанасы қираған қарияға үй салынады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кәріз коллекторында орын алған апаттан баспанасы қирау алдында тұрған Людмила Панкратованың үйіне барды. Қиын жағдайда қалған қарияның жағдайын сұрап, қажетті көмектер көрсетілетінін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Апат Қамысты көшесіндегі 60 жылдан бері қолданыста болған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі кәріз коллекторында орын алды. Аумақта авариялық жағдайды жою мақсатында шұғыл түрде кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Қазір коллекторды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде комиссиялық тәртіппен мүліктер қалпына келтірілуде.
Қала әкімі Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, заңнамаға сәйкес құбырдың жарылу себебіне талдау жасап, өзекті мәселелерді шешуді, суағар жүйелерін жүргізуді тапсырды. Ал аудан әкіміне апат салдарынан зақым келген үйді бұзу, қайта салу жұмыстарын, уақытша жалдамалы пәтер ақысының төленуін қадағалау бойынша нақты тапсырма берді.