Шымкентте қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
558

Күніне екі рет дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.


Шымкентте қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында эпидахуалдың тұрақсыз болуына орай, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Залалсыздандыру жұмыстары қоғамдық көліктерде, теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүргізілуде.
Тұрғындарды тасымалдап жүрген қаладағы 17 тасымалдаушы компанияға тиесілі 77 бағыт бойынша 880 қоғамдық көлікке күніне екі рет дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Ал теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда күн сайын дезинфекцияланады.
Қоғамдық көліктерді жедел өңдеу мен толық қамту үшін дезинфекциялық бригадалары бар «Onlinepharma» компаниясы жұмыс істеуде. Дезинфекциялық өңдеуге адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылуда.