Шымкентте кей халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайы өзгерді

0
1 262

Шымкент қаласында екі бірдей ХҚКО-ның мекен-жайы ауысты.


Шымкентте кей халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайы өзгерді

Миграциялық ХҚО мен Әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисі жаңа ғимаратқа көшірілді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осылайша, енді миграциялық ХҚО азаматтарды аумағы 600 шаршы метрді құрайтын Ғ.Орманов, 26 мекенжайында орналасқан заманауи фронт-офисте қабылдайтын болады.

Бүгінге дейін С. Бәйтереков, 89 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисі Мәдәлі Қожа 1/16 мекенжайына көшірілді.

Мұнда мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету үшін барлық жағдай қарастырылған. Қолайлы автотұрақта бар.

Екі фронт-офис те дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 10 фронт-офис жұмыс істейді, оның ішінде мамандандырылған ХҚО және миграциялық ХҚО бар.