Шымкентте еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты

0
859

​Жыл басынан бері 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді.


Шымкентте еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты

Шымкент қаласындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.
Жыл басынан бері 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді.
Есепті кезеңде, үш жақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, есепті кезеңде тексерулер барысында 33 кәсіпорында 1 304 жұмыскерлердің 213,3 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылы 1 681 ұжымдық шарт басқармадан мониторингтен өткізілді.
Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады. Қабылданған ұжымдық шарттардың 558 – мемлекеттік мекемелер, 1 126 - жеке кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ұжымдық шарттың түзілу көрсеткіші: ірі – 62 (жалпы 65) немесе 95,4%, орта – 162 (жалпы 162) немесе 100%, шағын – 331 (жалпы 331) немесе 100%. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде: ірі – 70 (жалпы 75) немесе 93,3%, орта – 166 (жалпы 166) немесе 100%, шағын – 890 (барлығы 3049) немесе 27,8%.
Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 43,69%.
Еске сала кетейік, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша орталық көшелерге 2 арнайы баннерлер орналастырылды, сонымен қатар арнайы видео роликтерді жасауға байланысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Басқарманың, мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталы, Facebook (enbekshym), Instagram (enbek_inspekciyasy) әлеуметтік желілері және «27-38-42 сенім телефоны» тұрақты жұмыс істейді.