​Шымкентте балаларды оңалту қызметі дамып келеді

0
554

Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде.


​Шымкентте балаларды оңалту қызметі дамып келеді

Шымкент қаласында балаларды оңалту қызметі дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков брифинг барысында мәлімдеді.

Қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны - 391, күндізгі төсек орын саны - 101. Осы жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3 773. Өткен жылмен салыстырғанда 865 балаға көп. Тәулік бойы стационарда 2 842, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен. Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін оңалту орталықтары мультитәртіпті команда, реабилтолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ түзету педагогтары (ойын, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандарымен қамтамасыз етілген, - деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Шымкент қаласында жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2 497 бала тұрады. Оның ішінде ДЦП ауруымен 1 164 баланың 893-і оңалту емінен өткен. Орта білім беретін 142 мектепте медициналық пункттер жұмыс істейді.

Профилактикалық тексеруге жататын 225 737 оқушының оқу жылы ішінде 146 729-ы тексеруден өтті. Бұл жоспарланған 50% қамтудың 65%-ын құрайды. Балалардың 33%-ы профилактикалық иммундаумен жасы бойынша қамтылған, жоспар бойынша (30-33,2%).

Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар. Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр.