Шымкентте «Баба мұра –домбыра» атты мерекелік концерт өтті

0
538

100 үйірмешінің орындауындағы «Сүйерімсің домбыра» әнімен басталып, дүйім жұртты таңдай қақтырды.


Шымкентте «Баба мұра –домбыра» атты мерекелік концерт өтті
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайында «Ән-домбыра» үйірме жетекшісі Перизат Сайлауқызының жетекшілік етуімен «Баба мұра –домбыра» атты 100 үйірмешінің қатысуымен қорытынды мерекелік концерті өтті.

Концерттің негізгі мақсаты – қазақ баласы қадыр тұтып, қастерлейтін киелі аспаптың қыр-сырын жас жеткінге меңгертумен қатар, ұлттық құндылық пен асқақ рухты дәріптеп жүрген үйірмеге қатысушы оқушылардың үйренген жыр-термелерін мен халық әндерін өз нақышында халыққа көрсету.

Мерекелік концертте 100 үйірмешінің орындауындағы «Сүйерімсің домбыра» әнімен басталып, дүйім жұртты таңдай қақтырды.

Мерекелік концертті «Ән-домбыра» үйірмесінің түлектері Балауса Жәдігер, Әсел Амангелдиева және Бақытжан Аян жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар үйірме жетекшісімен бірге танымал қазақ композиторларының және халық әндерін орындады. Шығармалар жеке орындауда, оркестр құрамында орындалды. Кішкентай домбырашылардың өнерін тамашалаған ата-аналар үйірме оқушыларына үлкен шабыт тілей отырып, болашақта ұлттық аспабымыз - домбыраны әлемдік деңгейде танытатын дарындар болуына тілек білдірді.