Шымкентте автокөлік жол үстінде өртеніп кетті (видео)

0
571

Көлікке газ қондырғысы орнатылған.


Шымкентте автокөлік жол үстінде өртеніп кетті (видео)

сурет: Шымкент қалалық ТЖД видеосынан скриншот

Шымкент қаласында жол үстінде көлік өртеніп кетті, деп деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Апатты оқиға бүгін, таңғы 08-56 шамасында орын алған.

Шымкенттегі Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында «Audi A-6» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кеткен. Көлікке газ қондырғысы орнатылған.


Өрт сағат 09:04-те оқшауланып, сағат 09:12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатқандығын хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ТЖД-нен 15 қызметкер 4 техника жұмылдырылған.
Осы орайда Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі ескертеді:
"Құрметті көлік иелері! Автокөлікте өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Өрттің алдын алу үшін уақтылы арнайы тексеруден өткізуді, электр сымдарының дұрыс жұмыс қалпын тексеруді ұмытпаңыздар! Өрт орын алған жағдайда тез арада "101" қызметіне хабар беріңіздер!"