Шымкентте 7 адамнан "дельта" штаммы анықталды

0
529

Науқастардан алынған 20 үлгінің 7-уінен (35,0%) Үнді («дельта») штаммы анықталған.


Шымкентте 7 адамнан

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жеті адамнан «дельта» штаммы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.

"Коронавирустың мутацияланған түрі Шымкенттің ауырған 7 адамнан анықталды. Сол ковид, бірақ түрі өзгерген, тез таралатын, жұқпалылығы жоғары", деді Айгүл Тұрымбетова.

Вирустың мутациясының түрін зерттеуге науқастан алынған 20 үлгінің 7-уінен (35,0%) Үнді («дельта») штаммы анықталған.

Шымкент қаласында өткен екі апта ішінде коронавирустық инфекцияның 908 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомды 637, симптомсызы 271. Соның 148-і 18 жасқа дейінгі балалар екен. Пневмонияның 104 жағдайы тіркелген.