Шымкентте 65 мектеп оқушысынан COVID-19 анықталды

0
2 597

Қалада 10 мектеп карантинге жабылды.


Шымкентте 65 мектеп оқушысынан COVID-19 анықталды

Оқу жылы басталғалы бері 65 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай №1, 6, 18, 22, 35, 49, 66, 99, 104, 108 мектептері карантинге жабылды. Аталған мектеп оқушылары 100% қашықтықтан білім алуда.


Шымкент қаласындағы мектептерде 7 242 кезекші сыныпта 100 477 оқушы, қашықтықтан 104 393 оқушы білім алып жатыр.


Биыл мектептер 259 жаңа модификацияланған кабинетпен толығады. Одан бөлек, 205 панельдік тақта, 28 мектепке спорт алаңын орнату үшін Шымкент қалалық сатып алу департаментіне өтінім берілді.

Сонымен қатар, 151 мектептің сыртқы әжетханаларын жою жұмыстары басталды. Әуелден 36 мектептің сыртта әжетханасы болмаған. Ал 61 мектепте сыртқы әжетханаларын бұзу туралы құжаттама дайындалған. Қалған 90 жаңа мектепке зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.